Ол ішкі істер органдарындағы қызметтік жолын учаскелік полиция инспекторы болып бастап, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бақылау қызметі департаментінің ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасының бастығы лауазымынан зейнеткерлікке шыққанға дейін ұзақ та табысты мансаптық жолдан өткен.
Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі аудандарында ішкі істер бөлімінің бастығы және орынбасары лауазымдарын қоса алғанда, бірқатар негізгі лауазымдарды атқарған
.
Кадр жұмысы басқармаларында, сондай-ақ аймақтық және республикалық деңгейде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімдерін басқарған.
Мерейтой иесін құттықтай отырып, ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Майдан Дүйсембаев қызметке 30 жылдан астам уақыт арнап, лейтенанттан полковник шеніне дейін жеткенін атап өтті.
Сонымен қатар еліміздің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен азаматтардың құқықтарын қорғауда қосқан көпжылдық, баға жетпес енбегі үшін ардагерге "Еңбек ардагері" медалі табысталды.
Өз кезегінде Майдан Молдашұлы туған күнінде ерекше көңіл бөліп құттықтағаны үшін алғысын білдіріп, қазіргі әріптестеріне кәсіби дағдыларын жетілдіру жолында үздіксіз дами беріңіздер деп ізгі тілегін жеткізді.
Іс-шара соңында Департамент бастығы өз өмірлерін қоғамға қызмет етуге арнаған ардагерлерді осындай форматта құттықтау ведомствоның қызметтегі сабақтастық пен құрметті көрсететін көпжылдық дәстүрі екенін атап өтті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі