
ШҚО ПД бастығының орынбасары жұмыс сапарымен Глубокое ауданының полиция бөліміне барды
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы жұмыс сапарымен Глубокое ауданының полиция бөліміне барды. Оның барысында полицей аудандық бөлімнің басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді. Қазбек Мұхтарұлы аудандағы жедел жағдаймен танысып, қылмысқа қарсы күресте тәртіп сақшыларының алдында тұрған міндеттерді талқылады.
Кездесу барысында профилактикалық жұмыстың және халықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы туралы айтылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Полиция полковнигі өтініштерге жедел ден қою қажеттігін атап өтті.
Іс-шара соңында ол полицейлердің күнделікті іс-әрекетінде тәртіп пен заңдылықты сақтаудың маңызды екенін жеткізіп, жедел жұмысты жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі