
Бүгін Ішкі істер органдары штабының бөлімшелері өздерінің кәсіби мерекесін — құрылғанына 106 жыл толуын атап өтуде.
Штаб бөлімшелері ІІМ жүйесіндегі маңызды буын болып табылады, барлық құрылымдық бөлімдердің үйлестірілуін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бүкіл басқару жүйесін ұйымдастыру және бақылау бойынша көптеген тапсырмаларды орындайды.
Бастапқыда бақылау және әдістемелік функцияларды орындау үшін құрылған штаб бүгінгі күні басқару шешімдерін әзірлеуде және ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруде шешуші рөл атқарады. Олардың негізгі міндеттерінің қатарына жедел қызметті бақылау, есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау, бөлімшелер жұмысының тиімділігін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жатады.
- «Полиция департаментінің барлық ұжымы атынан және өз атымнан штаб бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың құрылуының бастауында тұрғандарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз, шыдамдылықтарыңыз және кәсібиліктеріңіз үшін ерекше ризамын. Барлық қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларңызға амандық пен кәсіби табыс тілеймін!",- деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Тақжанов Қазбек.
Салтанатты іс-шара барысында жас қызметкерлердің ата-аналары, сондай-ақ қолданыстағы басқару жүйесінің берік негізін қалаған және оның дамуына елеулі үлес қосқан қызмет ардагерлері атап өтілді.
Сонымен қатар, тоғыз айдың қорытындысы бойынша қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін ШҚО ПД бастығының бұйрығымен қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі