ШҚО полицейлері Лингвистикалық орталықтың оқытушысын құттықтады

ШҚО полицейлері Лингвистикалық орталықтың оқытушысын құттықтады

                                                                                                 ШҚО полицейлері Лингвистикалық орталықтың оқытушысын құттықтады

 

Ұстаздар күні – баршамызды жан жылуымен біріктіретін мереке. Әрқайсымыз өз елінің лайықты азаматтарын оқытып, тәрбиелеу жолында бар күш-қуаты мен біліктілігін сарп етіп жүрген сүйікті ұстаздарымызды, тәлімгерлерімізді ұмытпаймыз. Бүгін полицейлер мектеп мұғалімін емес, 5 жылдан астам тәртіп сақшыларына мемлекеттік тілді үйретіп, оқытып келе жатқан ұстаз Қайдарова Ләззат Әскербекқызын құттықтап қайтты.


«Мемлекеттік тілді оқытуда сіздің біліміңіз бен еңбегіңіз маңызды рөл атқарады. Бүгінгі мерекеңізбен шын жүректен құттықтай отыра, деніңізге саулық, мол бақыт және оқушыларыңызбен өзара сыйластығыңыз арта берсін дейміз. Өз кезегінде олар сіздің әрбір айтқан тағылымдамаңызды естерінде сақтап, мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне лайықты үлестерін қоса берсін», - деп атап өтті ТжКЖБ орынбасары Карикпаев Раджан.

Ләззат Әскербекқызы осымен үшінші жыл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыстық департаментінің қызметкерлерін оқытып, сондай-ақ біздің полиция қызметкерлері білім көкжиектерін кеңейтіп жатқанын атап өту қажет. Қазіргі таңда аталған лингвистикалық орталықта Полиция департаментінің 36 полицейі мемлекеттік және ағылшын тілдері бағыты бойынша білім алуда.


Сонымен қатар, ол ведомстволар мен соттарда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға тұрақты түрде атсалысады.

Оның жетекшілігімен мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттырып, оның мәртебесін көтеруге бағытталған заманауи форматта әзірленген «Quiz» интеллектуалдық викториналары өткізіліп жатқанын да айта кеткен жөн.
Осы тамаша мерекеге орай ұстазға Департамент бастығы полиция генерал-майоры Омарбеков Ерланның алғысхаты табыс етілді.
Жеке құрам ұжымы Ләззат Әскербекқызына мамандығына, біліміне адалдығы және шәкірттеріне беретін позитивті қуаты үшін алғысын білдірді.

* «Менің еңбегімді бағалап, мерекемен құттықтағаны үшін Полиция департаменті бастығына алғыс айтамын, сіздердің қолдауларыңыз бен ілтипаттарыңызға өте ризамын», - деп атап өтті Ләззат Әскербекқызы.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі