«Есірткіге жоқ деп айт!»: Алтай ауданында әртүрлі жастағы жандарды біріктірген акция өтті

«Есірткіге жоқ деп айт!»: Алтай ауданында әртүрлі жастағы жандарды біріктірген акция өтті

                                                                                                 «Есірткіге жоқ деп айт!»: Алтай ауданында әртүрлі жастағы жандарды біріктірген акция өтті

Алтай ауданының полицейлері «Заря Востока» қоғамдық-саяси газетімен бірлесіп, «Есірткіге жоқ деп айт!» атты жеңіл атлетикадан жарыс ұйымдастырды.

Акцияны әртүрлі жастағы және мамандықтағы 500-ден астам қатысушы, яғни, мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, түрлі ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ мүдделі аудан азаматтары да қолдады.

Жүйрiк сайыскерлер ортақ мақсатқа жетер жолдағы белсендiлiгi мен күш-қуатын, бiрлiгiн паш еттi.

Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары сыйлықтар және есірткіге қарсы ұрандар жазылған футболкалар мен бейсболкаларды табыстады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың есірткінің зияны туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға ықпал ету.

            
                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі