ШҚО-ның екі тұрғыны 140 миллион теңгеге алдады деп күдіктелуде

ШҚО-ның екі тұрғыны  140 миллион теңгеге алдады деп күдіктелуде

ШҚО-ның екі тұрғыны 140 миллион теңгеге алдады деп күдіктелуде


Жалпы шығын 142 миллион теңгеден асты. Өскемен қаласы Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Ол 2022 жылдың қараша айында белгісіз біреулер пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, одан 5 миллион теңге алғанын, бірақ қаражатын алғаннан кейін байланысқа шықпағанын хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің тағы 32 ұқсас қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.
Белгілі болғандай, 39 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел 2021 жылдан бастап тұрғындардың сеніміне кріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кеткен.
Қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Алаяқтық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі