Полицейлер ҰОС және ІІО ардагері Құрмат Рахимовты қарттар күнімен құттықтады

Полицейлер ҰОС және ІІО ардагері Құрмат Рахимовты қарттар күнімен құттықтады

                                                                                                  Полицейлер ҰОС және ІІО ардагері Құрмат Рахимовты қарттар күнімен құттықтады


Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының құрметті ардагері және ішкі істер органдары Құрмат Рахимұлы Рахимовты ерекше ықыласпен мерекемен құтықтап қайтты.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Манапов Серік бүкіл ұжымнан шын жүректен құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық, рухани жылулық және ұзақ өмір тіледі.
— Бізге әрбір ардагердің білуі маңызды: біз сізді әрқашан есте сақтап жүреміз және Қазақстанның алаңсыз бүгініне және құқық қорғау жүйесін дамытуға қосқан баға жетпес үлесіңізді бағалаймыз, - деп атап өтті Манапов Серік.
Бірақ Құрмат Рахимов үшін нағыз тосын сый №35 "Жас сақшы" мектебінің кадеттерінің өнер көрсетуі болды. Жас жігіттер күлімдеген жүздерімен батырдың құрметіне ән шырқады. Құрмет пен ризашылыққа толы балалардың көзқарастары мерекенің осы сәтіне ерекеше шынайылық берді. Әннен кейін бірден курсанттар түрлі-түсті спектакль қойды, бұл тек ардагерге ғана емес, айналасындағы жандардың бәріне де қуаныш кен күлкі сыйлады.
Құрмат Рахимов Департамент басшылығына өзіне деген қамқорлығы үшін шын жүректен алғысын білдіріп, ардагерлерді қолдау ШҚО полициясында бұрыннан келе жатқан және жақсы дәстүр екенін атап өтті.
- Бұл біз үшін үлкен мереке! Біз туралы ұмытпай әрқашан түрлі іс-шараларға шақыруларуыңыз қуантады. Рухани мереке үшін рахмет, — деді Құрмат Рахимұлы полицияға қызметкерлеріне және балаларға алғысын білдіріп. Ақсақал осы сәтті онымен бөлісуге келгендердің барлығына батасын берді.
Жасына қарамастан, биыл 100 жасын атап өткен мерейтой иесі белсенді өмір салтын жалғастыруда. Ол күн сайын серуендеуге шығады, ал бейсенбіде өзінің сүйікті газетін дүңгіршектен сатып алуды ұмытпайды.
Тәртіп сақшылары мұндай іс — шаралар аға ұрпақтың біз үшін қаншалықты маңызды екенін және олардың және жас ұрпақтың арасындағы байланысты сақтап, әрқайсымызға өткенді еске түсіру үшін маңызды екеніне сенім білдіреді.

                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі