ШҚО Полиция департаментінде жаңа бөлім басшылары тағайындалды

ШҚО Полиция департаментінде жаңа бөлім басшылары тағайындалды

                                                                                                 ШҚО Полиция департаментінде жаңа бөлім басшылары тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде Көші-қон қызметі басқармасы мен Ақпарат және байланыс басқармасының жаңа басшылары тағайындалды.

Көші-қон қызметі басқармасының басшысы болып 2004 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет етіп келген, бұған дейін осы басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған Ринат Шкибаев келді.

Ақпарат және байланыс басқармасын бұған дейін осы басқарманың орынбасары қызметін атқарған Жарас Нурумов басқарды.

Сонымен қатар, полиция капитаны Тілек Баймолдин ШҚО ПД облыстық патрульдік полиция батальоны бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Жаңа бұйрыққа сәйкес, аудандық және қалалық бөлімшелерден 20 үміткер әртүрлі офицерлік және сержанттық лауазымдарға сайланды.

Облыстың бас полицейі полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков үміткерлермен жеке сұхбаттасып, олардың жаңа қызметте атқарылуы тиіс маңызды міндеттеріне тоқталып өтті.

«Қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз екенін ұмытпаңдар», - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Соңында тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған Департамент бастығы жаңа басшыларға алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі