
Қарттарға қамқорлық: полиция қызметкерлері Өскемен қаласының 90 жастағы тұрғынын құттықтады
Бүгін Қарттар күнінде көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласының 90 жастағы тұрғыны Карабельникова Варвара Павловнаға барып, меркемен құтықтап қайтты. Сонымен бірге баруға алдыңғы құжаттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен, жаңа жеке куәлікті тапсыру да себеп болды.
Осы маңызды күні тәртіп сақшылары өздерінің қызметтік міндеттерін орындап қана қоймай, зейнеткерді мерекемен құттықтап, оған ерекше көңіл бөлді.
— «Қамқорлықтарңыз бен маған деген көңілдеріңіз үшін көп рахмет! Осындай мереке күні қуаныш сыйлап келдіңіздер, алғысым шексіз», - деді жаңа куәлігін алған Варвара Павловна.
Қарт адамдар үшін мұндай әрекеттер ерекше құндылыққа ие, өйткені олар өздерін құрметті және қажетті екендерін сезінуге көмектеседі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі