Ұрпақтар даналығы: Шығысқазақстандық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Ұрпақтар даналығы: Шығысқазақстандық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

                                                                                                 Ұрпақтар даналығы: Шығысқазақстандық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында ШҚО ПД қызметкерлері дәстүр бойынша аға әріптестері – Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагерлерін құттықтады.
Бүгін полицейлер салтанатты шара ұйымдастырып, ән шырқап, өткен күндерді еске алып, өз еңбектерімен, білімдерімен Қазақстан полициясын құрған ардагерлерді ұлықтады.
Облыстың бас полицейі генерал-майор Ерлан Омарбеков құттықтау сөз сөйлеп, құқық қорғау қызметінің дәстүрлері мен құндылықтарын сақтаған нағыз сақшылар ардагерлер екенін атап өтті.
"Көп жылдар бойы қызметтеріңізге адалдық танытқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Заманауи полицияны сіздердің үлестеріңізсіз елестету мүмкін емес, өйткені сіздердің даналықтарыңыз бен тәжірибелеріңіз жас қызметкерлер үшін шабыт көзі, одан бөлек қиын мамандықты меңгеруіне көмектеседі. Жастар үшін сіздердің нұсқауларыңыз маңызды қолдау және тәлімгерлік олардың дамуында маңызды рөл атқарады. Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов бұл аспектіні белсенді түрде қолдайды, оның қызметтегі кәсіби және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығын баса атап өтті".
Мерекелік шараның майталмандары өз кезегінде жас әріптестерімен құнды сөздерімен бөлісіп, оларды қызметке мұқият болуға және әрқашан жоғары моральдық-этикалық нормаларды сақтауға шақырды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер органдары және ҰГ Ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев жылы лебізі мен құттықтаулары үшін алғысын білдірді. Ол мұндай шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, саналы ғұмырын заңдылық пен тәртіпті қорғауға арнаған тұлғаларға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
«Полиция қызметкерлерінің жаңа буын өкілдері біз орнатқан адалдық пен ар-намыс дәстүрін жалғастыратынына сенімдімін. Бай тәжірибелеріңізді бағалаңыздар және сақтаңыздар», - деді Н.Үдербаев жиналғандарды құттықтап.
Шара ардагерлердің еңбек еткен жылдарын еске алуымен аяқталды. Күрделі сәттер мен айтулы жеңістер жайлы айтып, ортаны жылылық пен құрметке бөледі. Бұл әңгімелер барлық қатысушылардың мақтаныш сезімін тудырды, ал бірлікте болған сәттер барлық қонақтар үшін ерекше есте қалды.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі