
Айыппұл төлеуді ұмытпаңыз: бүгін ШҚО-да «Борышкер» ЖПІШ басталады
«Жазаның бұлтартпастығы» қағидатын орындау мақсатында 16-18 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіру бойынша қажетті шараларды қолдану бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Тәртіп сақшылары прокуратурамен және жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша борышкерлерге бару арқылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізеді. Ең тиімдісі – заңды бұзбау екенін әркім есте ұстауы керек.
Полиция қызмектерлері айыппұлды мобильді қосымшаларда немесе екінші деңгейдегі банктердің кассаларында төлеуге болатындығын еске салады. Егер қандай да бір себептермен құқық бұзушы айыппұлды 7 күн ішінде төлей алмаса, онда оған 30 күн ішінде өз еркімен, бірақ айыппұлдың толық сомасын ғана төлеуге мүмкіндік беріледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі