Павлодарда полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

Павлодарда полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

                                                                                                  Павлодарда полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

"Динамо" спорт кешенінің қабырғасында ШҚО, СҚО, Абай және Павлодар облыстарының командалары жеңімпаз атағы үшін бақ сынасты.
Тәртіп сақшылары керемет ойын мен жақсы физикалық дайындықтарын көрсетті. Әр команда өзінің мықты жақтарын көрсетіп, спорттық құмарлық таныта отырып, қарсыластарына гол соғуға барынша тырысты.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев :“Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандырып қана қоймай, дене шынықтыру мен спортты дамытудың тамаша үлгісі болып табылады. Полиция қызметкерлерінің ұжымдық рухына оң әсер етіп, кәсіби шеберліктерін арттыруға ықпал етеді",-деп атап өткен.
Жарыс қорытындысы бойынша үш құрметті орын берілді. Футбол алаңындағы жарыс нәтижесінде Абай ауданының командасы бірінші орынды иеленсе, «күміс» Павлодар қаласының полицейлеріне бұйырды.Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары мінбердің үшінші сатысына көтерілді.
Турнирдің барлық қатысушылары кубоктармен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Полицейлердің өздері атап өткендей, кездесулер жолдастық пен салауатты рухта өтті. Әр ойын керемет сәттерге толы болды.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі