
Жас тәртіп сақшылары ескертеді: ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАҢЫЗ!
Полицияның жас көмекшілері қоғамдағы қауіпсіздікке асқан жауапкершілікпен қарайды.
Бұл жолы олар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция майоры Нұргүл Зейнелбекқызымен бірге автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол жүрісі қағидаларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, зейінділікке шақырды.
Әр адамның әл-ауқаты үшін жауапкершілікті сезініп және қоғамға пайда әкелуге ұмтыла отырып, балалар болашақта ел қауіпсіздігіне үлес қосатын және Қазақстан халқына қызмет ететін нағыз полицей болуды армандайды.
Біз осындай кішкентай, бірақ батыл қамқоршылардан нағыз батырлар шығатынына сенімдіміз!
ШҚО ПД баспасөз қызметі