
ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған ер адам полицейлерге қарсылық көрсеткен
Ер адам әкімшілік кодекске сәйкес екі құқықбұзушылыққа жол берген.
Қ. Қайсенов кентінің көшелерін патрульдеу барысында жол қозғалысының инспекторлары күдікті жүріп бара жатқан ВАЗ маркалы автокөлікті байқаған.
Тәртәп сақшылары көлік құралын тоқтатуға тырысқанда, жүргізуші билік өкілдерінен жасырынуға тырысып, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған.
Алайда полицейлер тәртіп бұзушыны қуып жеткен. Құжаттарды тексеру барысында 24 жастағы автокөлік иесінің сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады, бірақ бұл оның жол жүрісі қағидаларын бұзып, рөлге қайта отыруына кедергі болмаған.
Ер адам жүргізуші куәлігінен айырылып, көлік құралын тоқтату туралы Ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша заң алдында жауап беретін болады.
Заң бұзушыға айыппұл салынады немесе әкімшілік қамауға алынады. Жазаны сот анықтайды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі