
Дін істері басқармасы облыстық Полиция департаментіне 150-ден астам кітап сыйға тартты
"Кітап сыйла" акциясы кітаптың сыйлық ретіндегі құндылығын арттыра отырып, Қазақстанның мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Осы іс-шара аясында ШҚО Дін істері басқармасы облыстық Полиция департаментіне белгілі ақындар мен жазушылардың 150-ден астам кітабын сыйға тартып, қазіргі қоғамдағы кітап оқудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл бастама жастар арасында кітапқа деген оң көзқарасты қалыптастыруға, кітап оқуды насихаттауға және рухани құндылықтарды дамытып, кітаптардың қандай адамға болмасын тамаша сыйлық екенін естен шығармауына бағытталған.
Дін проблемаларын зерттеу орталығының бастығының орынбасары Мәрлен Амантайұлы: "Қазіргі уақытта кітап оқудың қадір-қасиетін балалар ғана емес, ересектер де жақсы түсінеді, ең алдымен олар үшін бұл сезімдер мен эмоциялардың жиынтығы" деп кітаптардың тек өскелең ұрпақ үшін ғана емес, үлкендер үшін де құнды екенін атап өтті.
Сыйға тартылған кітаптар жақын арада облыстық Полиция департаментінің арнайы бөлімшелеріне беріледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі