ШҚО полицейі қоян-қолтық жекпе-жектен халықаралық чемпионатта алтын иеленді

ШҚО полицейі қоян-қолтық жекпе-жектен халықаралық чемпионатта алтын иеленді

                                                                                                  ШҚО полицейі қоян-қолтық жекпе-жектен халықаралық чемпионатта алтын иеленді

 

Орёл қаласында 28 елден 300 ге жуық спортшы қатысқан қоян-қолтық жекпе-жектен әлем чемпионаты мен біріншілігі өтуде.

Қазақстан құрамасының құрамында еліміздің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау міндеті ШҚО ПД ЖҚАЖ взвод командирі полиция капитаны Зейнитденұлы Ринат Махмұтовқа түсті. Погон таққан спортшы 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Полиция капитаны Махмұтов әр түрлі елдердің қарсыластарымен бетпе-бет кездесіп, 6 жекпе-жек өткізді. Финалға өткен взвод командирі "алтын" үшін күресте Әзірбайжаннан келген қарсыласын жеңді. 

"Чемпионатқа жаттықтырушымен бір айға жуық уақыт дайындалдым , жалпы күніне екі рет жаттығатынмын, ал бұл жолы күшейтілген режимде дайындалдық. Кез-келген жекпе-жектің алдында, әрине, қандай қарсылас кездесетіні, оның салмағы қандай болады деген сынды толқулар мен уайымдар болады, сондай-ақ чемпионат алдында да біраз толқулар болды, бірақ бәрі ойдағыдай жақсы өтті. Әрине, жеңіс кімдікі екенін хабарлаған сәтте менің сезімдерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес болды, қатты қуанып әрі өзімді мақтан тұттым", - дейді Ринат Зейнитденұлы.

Полиция қызметкерінің туыстары мен жақындары жұбайымен бірге, оның әрбір бастамасына сенеді және әрдайым қолдайды.

- "Ол жарысқа аттанарда, мен оның жеңетінін сенімді түрде білемін.  Әрине, мұндай әлемдік деңгейдегі чемпионатта 300 спортшының арасында өз дайындығын көрсетіп, бірінші орынға ие болу оңай емес, бірақ Ринат алдына қойған мақсатын 100% - орындап шықты. Мен әрқашан чемпионыма, оның күш - жігеріне сенемін және қолдау көрсетемін", - дейді чемпионның әйелі.

Полиция капитаны Ринат Махмұтов Nomad MMA бойынша халықаралық спорт шебері, MMA, жекпе-жек, жауынгерлік самбо және қоян-қолтық, әмбебап жекпе-жек бойынша спорт шебері, сондай-ақ IPSC спорттық ату сертификатының иегері екенін атап өткен жөн.

ШҚО Полиция департаменті Ринат Зейнитденұлын құттықтап, әрі қарай да кәсіби және спорттық шыңдарды бағындыруды тілейді!



                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі