
Сәтсіз селфи
Өскемен қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер үшін әдемі сурет түсіргісі келіп, суға құлап кеткен.
5 тамыз күні сағат 22.30 шамасында полицейлер мен құтқарушыларға Крылов көшесі ауданында Үлбі өзені арқылы өтетін көпірден қыздың құлап түскені туралы өтініш түскен. Алайда, мамандандырылған қызметтер келгенге дейін қала тұрғыны өз күшімен жағалауға шыққан.
Қыздың денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлерге тапсырылды.
Полиция департаменті түсірілім кезінде қырағы болуды және өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жерлерде селфи жасамау туралы ескертеді. Мұндай фотосуреттер адам өмірін жоғалтуға әкеп соқтыруы мүмкін екенін естен шығармаңыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі