«Мотоцикл» ЖПІШ: 11 көлік айыппұл тұрағына қойылды

«Мотоцикл» ЖПІШ: 11 көлік айыппұл тұрағына қойылды

                                                                                                 «Мотоцикл» ЖПІШ: 11 көлік айыппұл тұрағына қойылды

                         

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары жүзге жуық мотоциклшілер мен мопедистерді тәртіптік жауапкершілкке тартты.

Жаз мезгілінде біздің қаланың кейбір тұрғындары мотоциклдерге, скутерлерге және мопедтерге отырады. Сонымен қатар, адамдар кейде жол жүрісі қағидаларын сақтауды, жылдамдықты шектеуді, мотоцикл дулығасын киюді ұмытып кетеді. Көбісі бұл жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін деп ойламайды.

Шығыс Қазақстан облысы орталығының полицейлері жарақаттанудың алдын алуға, жүргізушілердің ережелерді бұзуын анықтауға бағытталған «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Облыс бойынша ЖПІШ өткізудің бірінші күні ғана 190-нан астам мототехника тексеріліп, 70 бұзушылық анықталды. Он жүргізуші өздерінің «темір тұлпарларын» мотошлемсіз басқарған, он үш адам маневр жасау ережелерін бұзған, тағы он адамда көлік басқару куәліктері болмаған, ал екеуі масаң күйде көлік тізгіндеген. Аталған бұзушылықтар үшін көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері мотоциклшілердің қатысуымен 11 ЖКО орын алып, 3 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған.

Полиция ескертеді:  мотоцикл жүргізушілері жолда жүру кезінде жол жүрісі қағидаларын  сақтау және жолдағы жағдайға ден қою өздерінің де, басқа жол қозғалысына қатысушылардың да қауіпсіздігінің кепілі екенін есте ұстауы керек!



                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі