
ШҚО полицейлері "Бос орындар жәрмеңкесінде"ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу туралы айтып берді
Ішкі істер органдарына қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында полиция қызметкерлері "Бос орындар жәрмеңкесіне" белсенді қатысады. Осылайша, жақында Аманат партиясы жанындағы "Жастар рухы" ШҚОФ жастарға жұмыс жобасы қарсаңында іс-шара ұйымдастырылды.
Бос орындар жәрмеңкесі - өмірлік еңбек жолының бастауы ретінде саналады, ол жастарға мамандық таңдауда бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар, онда жастар мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен тікелей танысуға, сондай-ақ бір-бірімен қажетті ақпаратпен алмасуға мүмкіндік алады.
Аталған іс-шараның негізгі міндеті Полиция департаментінің бөлімшелеріне қызметке қабылдау, ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау, ІІО-дағы қызмет етудің артықшылықтарын түсіндіру болды.
Жәрмеңкеге келушілер өз кезегінде тәртіп сақшыларына сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жастардың көпшілігі заңдарды білу үшін тестілеуден қалай өту керек, дене шынықтыруды тапсыру кезінде қандай нормативтер бар және жалпы қазір полицейлерге қандай талаптар қойылатындығына қызығушылық танытты. Сонымен қатар, студенттерді құқықтық тәртіп сақшыларына тән кәсіби қалыптасу және қызметтік өсу мүмкіндіктері, жеке қасиет мәселелері қызықтырды.
Облыстық Полиция департаментінің өкілдері түлектердің барлық сұрақтарына жауап берді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі