
ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері алтын өндірумен айналысқан «кеншілерді» ұстады
Арнайы техниканы пайдаланған екі топ облыстың бірнеше аудандарында заңсыз бағалы пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан.
Жедел уәкілдер олардан барлық қажетті атрибуттарды тауып алып, тәркілеген.
Бір қызығы, кенщілер әзірлемелерін мұқият жауып көзден таса ұстаған, тек тікұшақпен аймақты аралап, қарағанда анықтаған.
Құрамында 7 адамнан тұратын бірінші топ Самар ауданында жұмыс істеген. Металл детекторлары арқылы олар жер учаскелеріне барлау жүргізген. Кейіннен экскаватормен топырақтың үстіңгі қабаты алынып, алтын кесектерін өндірген.
Кешілердің әрекеттері нақты жүйеленген: жұмыстың периметрі бойынша «жұмыс» деп аталатын аймаққа бөтен адамдардың кіруіне жол бермеу үшін мотоцикл посттары қойылған. Күзетшілерде тегіс ұңғылы мылтық болған. Тәртіп сақшылары олардан шамамен 5-6 грамм алтын кесектерін, техника, қару-жарақ, оқ-дәрілер мен тиегіші тәркілеген.
11 адамнан тұратын тағы бір топ Үлкен Нарын ауданында жұмыс істеген. Сол сияқты, жер барланып, дайындалған схема бойынша бағалы металдар өндірілген. Онда полицейлер техникадан басқа 20 грамнан астам алтын, 6 металл іздегіш пен радиостанция тапты.
Заңсыз әрекеттерді толық тіркеу үшін жедел уәкілдер пилотсыз ұшу аппаратын қолданған.
Құқық бұзушылар бірнеше баптар бойынша жауапқа тартылды: жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу, рұқсатсыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, қаруды заңсыз сақтау, алып жүру. Алынған инвентарь мен техника мемлекет кірісіне тәркіленуге жатады.
Жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалдың құнын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.
Мұндай заңсыз әрекеттер тек экономикаға ғана емес, сонымен бірге аймақтың экологиясын, флорасы мен фаунасын бұзады. ШҚО Полиция департаменті барлық заңсыз фактілер туралы 102-арнасына хабарласуға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі