Министр внутренних дел посетил ряд районных отделов полиции ВКО

Министр внутренних дел посетил ряд районных отделов полиции ВКО

                                                                                   Ішкі істер министрі ШҚО аудандық полиция бөлімдерінде болды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов облыс әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Катонқарағай және Марқакөл аудандарының полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық жағдайымен танысты.
– Полицейлер халықпен тығыз жұмыс істейді. Қызмет өткеруге тиісті жағдайлардың жасалуы құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді орындауда маңызды рөл атқарады, – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, аталған полиция бөлімдерінің ғимараттары 1970 жылдары салынған және күрделі жөндеуді қажет етеді.

 Өңір басшысы қажетті қаражат бөлінетінін және ғимараттар толығымен қалпына келтірілетінін атап өтті.

 – Әрине, мұндай тозығы жеткен ғимараттарда жұмыс істеу қиын. Биыл жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аумақты абаттандырып, келушілер мен қызметкерлер үшін автотұрақ салу жоспарланып отыр, – деді ол.

Аталған аудандар Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен қайта құрылған.

Сапар соңында Министр мен өңір басшысы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына барып, полиция және қылмыстықатқару жүйесі департаменттерінің басшылары Ерлан Омарбеков пен Жанболат Калетаевтың сондай-ақ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының  қолбасшысы Арман Жұмағалиевтің баяндамаларын тыңдап, қызмет бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойды

                                                                                                                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі