ШҚО-да екі шетелдік экстремистік бағыттағы әдебиеттерді таратқаны үшін жауапқа тартылды

ШҚО-да екі шетелдік экстремистік бағыттағы әдебиеттерді таратқаны үшін жауапқа тартылды

                                                                           ШҚО-да екі шетелдік экстремистік бағыттағы әдебиеттерді таратқаны үшін жауапқа тартылды

Тыйым салынған материалдардыполиция қызметкерлері облысорталығытұрғындарыныңәлеуметтікжелілеріндеанықтаған.

 Екі адам өздерінің смартфондарында сот экстремистік деп таныған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптарды сақтап қана қоймай, оларды танымал әлеуметтік желілердің кеңістігінде бөліскен.

Атаған факті бойынша 28 және 27 жастағы шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сот қаулысымен олар аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Полиция қызметкерлері экстремистік материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады Экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында танысуға болатынын айта кетейік.

                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі