«Мен есірткісіз болашақ үшін» - ШҚО полицейлері рефераттар байқауын өткізді

«Мен есірткісіз болашақ үшін» - ШҚО полицейлері рефераттар байқауын өткізді

                                                                 «Мен есірткісіз болашақ үшін» - ШҚО полицейлері рефераттар байқауын өткізді

 Жазғы сауықтыру лагерінің 10-нан астам жасағының қатысушылары өздерінің тәлімгерлерімен бірге «Үздік идея», «Үздік насихат» және «Үздік реферат» номинациялары бойынша бақ сынасты.

Іс-шара есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған және оны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатымен бірлесіп ұйымдастырды.

  "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастар мәселелеріне көп көңіл бөледі Сондықтан біз сізді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ сіздің қолыңызда!"- деп атап өтті ЕҚҚКБ бастығының орынбасары Ринат Икласов.

Байқау барысында әрбір қатысушы адам үшін оның денсаулығы үлкен мәнге ие екенін атап өтті. Кейбір қатысушылар тіпті есірткінің зияны, олардың таралуы үшін қандай жаза, сондай-ақ психоактивті заттардың адам ағзасына әсері туралы сұрақтармен сауалнама жүргізді. Байқаудың ең кішкентай қатысушылары шығармашылықпен айналысып, өлеңдер жазып, плакаттарға суреттер салды, онда олар ең бастысы – есірткінің зиянды екенін, тәуелділікке бой алдырмау керектігін көрсетті.

Қорытындылай келе, ұйымдастырушылар әр қатысушының шығармашылық және жауапкершілікті көзқарасын ерекше атап өтіп, балалардың мәселенің маңыздылығы туралы айтып, өз ұстанымдарын білдіруіне жоғары баға берді. Жеңімпаздар мен ең белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар – іс-шараның тақырыбы жазылған футболкалар мен кепкалар табыс етілді.

                                                                                                                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі