
ШҚО ПД-да бастықтың орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің бұйрығымен ШҚО ПД бастығының Кадрлық жұмыс бағыты бойынша уақытша міндетін атқарушы орынбасары лауазымына полиция полковнигі Манапов Серік Тоқтарқанұлы тағайындалды.
Оны жеке құрамға облыстың департамент бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков таныстырды.
Манапов Серік Тоқтарқанұлы құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет етеді, Ұлан ауданының тумасы. ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Ол қызметтік жұмысын жедел уәкіл ретінде бастап, содан кейін тергеу бөлімшелеріне ауысқан.
Әріптесін жеке құрамға таныстырған өңірдің бас полицейі кадрлық және тәрбие жұмысы, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша бірқатар міндеттер қойды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі