
ШҚО полициясы ескертеді: абай болыңыздар – интернет-алаяқтар
Түсіндірме ақпарат облыс орталығындағы 20-дан астам LED-экран арқылы халық көп баратын орындарда көрсетілуде.
Осылайша, бұл тұрғындардың назарын интернеттегі алаяқтық сияқты мәселеге аударуға және алданбауға мүмкіндігінше ескерту жасауға мүмкіндік береді.
Полиция қызметкерлері барлық азаматтарды қырағы болуға шақырады: ешкімге ақша аудармаңыз, ешбір жағдайда бөгде қосымшаларды орнатпаңыз немесе күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Өзіңізді жалған инвестициялық схемаларға тартуға жол бермеңіз, егер сізге туысқаныңыз қиыншылықта екенін айтса, оған өзіңіз қоңырау шалыңыз және бұл алаяқтық емес екеніне көз жеткізіңіз.
Осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда 102 арнаға дереу хабарласуға шақырамыз
ШҚО ПД баспасөз қызметі