ШҚО-да полиция көліктерінен домбыра жасалды

ШҚО-да полиция көліктерінен домбыра жасалды

                                                                     ШҚО-да полиция көліктерінен домбыра жасалды

Полиция департаменті барлығын ұлттық мереке-домбыра күнімен құттықтайды!


Біздің халқымыз үшін бұл жай ғана музыкалық аспап емес, ол қазақ даласының рухын, сипаты мен тарихын бейнелейтін тұтас әлем. Бағзы заманнан бері екі ішектің үні мен күй әуендері бай рухани тарих пен салт-дәстүрдің символы болып қала берген.


Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20-ға жуық қызметтік автокөліктер ұлттық аспап түрінде орналасты, суретті толықтырған музыканттар қазақтың әйгілі композиторы Құрманғазының күйін орындады.


"Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Бұл ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмар.Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін",-деп құттықтады ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

                                                                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі