Шығыс Қазақстан полицейлері азаматтарды үй жануарларына жарық шағылғыстырғыш ленталар байлауға шақырады

Шығыс Қазақстан полицейлері азаматтарды үй жануарларына жарық шағылғыстырғыш ленталар байлауға шақырады

                                                               Шығыс Қазақстан полицейлері азаматтарды үй жануарларына жарық шағылғыстырғыш ленталар байлауға шақырады

Жыл басынан бері 1000-нан астам мал басына осындай баулар тағылды.

Жол апаттарына көбінесе жайылымдағы малдар себепкер болатыны барлығымызға мәлім.

Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі түнде болады, сондықтан тәртіп сақшылары жануарларға алдағы уақытта апаттардың алдын алуға көмектесетін жарық шағылғыстырғыш баулар, мүйіздері мен құлақтарына арнайы жапсырмалар тағып қоюды ұсынады.

Осындай ЖКО-ның алдын алу тиімділігін арттыру мақсатында Тарбағатай және Зайсан ауданы полиция бөлімдерінің полицейлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстық және республикалық маңызы бар автожолдардың жанында орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, мал басының иелеріне жарық шағылғыстырғыш ленталар таратты.

Тәртіп сақшылары түнде көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда, жарық шағылғыстырғыш баулары бар жолдағы малды алыстан байқауға болатынына және бұл жануармен соқтығысудың алдын алатынына сенімді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мүмкіндігінше шетелдердің тәжірибесі бойынша ІҚМ мен ұсақ малға жарық шағылғыстырғыш бояу жағуды ұсынды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мал иелеріне жол бойында жануарларды еркін жаюға жол бермеу туралы ескертеді және ЖКО-ға себеп болған үй жануарларын бақылаусыз қалдырғаны үшін мал иелеріне әкімшілік жауапкершілік көзделетінін хабарлайды.

                                                                                                                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі