
Тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтуде
ШҚО ПД-да Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, ардагерлер және жеке құрам қатысты.
Дәстүр бойынша шара қаза болған әріптестерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Тәртіп сақшылары, отбасы мүшелері мен жесірлері ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Аспанға үш дүркін оқ атылды.
ШҚО ПД бастығы оларға ерекше ризашылығын білдіріп, полиция қызметкерлерінің болашақ ұрпағы сол жандардың ерлік істерінің үлгісімен тәрбиеленіп жатқанын атап өтті.
Еске алу рәсімі аяқталғаннан кейін ант қабылдау және ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің құттықтауын жеткізіп, сондай-ақ:
"Бүгін Отанға адал қызмет етуге және азаматтарды қорғауға ант қабылдағандар үшін маңызды күн! Ішкі істер органдарында жұмыс істеу үлкен шыдамдылықты, адалдықты, әділдікті талап етеді және халық пен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіреді. Болашақта сіздер біздің құқықтық тәртіпті қорғаудағы ортақ ісімізге лайықты үлес қосатындарыңызға сенімдімін".
Сонымен қатар, облыстың бас полицейі өзін Ішкі істер органдарында қызмет етуге арнаған және кәсіпқойлардың бірнеше буынын тәрбиелеген ардагерлерге шын жүректен алғыс білдірді. Бұл уақыттың байланысы мен ұрпақтар сабақтастығының негізін көрсетеді.
Өз кезегінде, ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, біздің облыстың полиция қызметкерлері – патриотизм мен батылдықтың үлгісі екенін айтты.
Соңында үздік қызметі үшін қызметкерлерге арнайы наградалар табыс етілді: 20-дан астам полиция қызметкері ҚР ІІМ және ШҚО ПД медальдарымен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды, оның ішінде 6 қызметкерге арнайы атақтар берілді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі