
21 маусым-кинологиялық қызмет күні
Жаңа Қазақстанда күш құрылымдарының кинологиялық қызметі құрылған күнін 2002 жылғы ішкі істер органдарының кинологиялық қызметі туралы нұсқаулық бекітілген кезден бастап санауға болады.
Алайда, ол бекерден-бекер қалыптаспаған, КСРО-дан бері келе жатқан бай мұра болды, онда қызметтік иттер қарулы күштер қатарында, милиция мен халық шаруашылығында кеңінен қолданылған.
Ұрлық, есірткі қылмысы, жарылғыш заттарды іздестіру, қоғамдық тәртіпті сақтау – бүгінде қызметтік иттер қылмыспен күресте жедел қызметкерлерге көмек көрсетуде.
Төрт аяқты көмекшілердің әрқашан дені сау, тоқ және жұмысқа қабілетті болуы үшін – кинологтар аптасына жеті күнді оларға қамқорлық жасауға арнайды. Өйткені, серуендеу, жаттығу, күтім – қызметтік үй жануарларына күтім жасау толық қайтарымды қажет етеді. Кинолог мамандығы ішкі істер органдарындағы ерекше шығармашылықты қажет ететін ең қызықты мамандықтардың бірі деп айтуға болады, себебі бұл жерде сіз үлгі бойынша жұмыс істей алмайсыз.
Облыс бойынша ШҚО Полиция департаментінің кинологиялық қызметінде 45 қызметтік-іздестіру иттері қызмет атқаратынын атап өтейік. Ағымдағы жылдың басынан бері олар 67 қылмыстың ашылуына ықпал етті. «Құйрықты» жолдастардың көмегімен заңсыз айналымнан 14 кг-нан астам есірткі заттары тәркіленді, мүлікті ашық ұрлаудың 2 фактісі, сондай-ақ ұрлықтың 20 фактісі ашылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі