Біздің полиция: Өскеменде Муралдың ашылуы өтті

Біздің полиция: Өскеменде  Муралдың ашылуы  өтті

                                                                   Біздің полиция: Өскеменде Муралдың ашылуы өтті

Қазақстан полициясы күнін мерекелеу қарсаңында 5 қабатты тұрғын үйдің қабырғасын безендірген арт-объект ашылды.


Полиция қызметкерінің кәсібі өте қиын, әрі қауіпті болып саналады. Тәртіп сақшылары қызметтік борышын бәрінен жоғары қояды, өйткені адамдардың қауіпсіздігі, қоғамдық тыныштық пен тәртіп басты міндет болып табылады.


Дәл осы қасиеттерді суретші кірпіштен жасалған «кенепте» көрсеткен, баланы қолында ұстап тұрған полиция қызметкерін бейнелеу арқылы ішкі істер органдарының қызметкерлерінің азаматтардың тыныштығын қорғауды қамтамасыз ететінін көрсеткен.


Салтанатты ашылуға ПД бастығы полиция генерал-майоры Омарбеков Ерлан, ШҚО бойынша ІІО және ҰГ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев және жеке құрам қатысты.


«Мемлекет басшысы біздің алдымызға міндеттер қойды және біз оны абыроймен орындайтынымызға сенімдімін, мықты мемлекеттің қалыптасуы үшін мықты тәртіпті қамтамасыз етеміз. Өйткені, Қазақстан халқы болашаққа сеніммен қарауы керек»,-деп атап өтті ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.


Қазақстан полициясының рөліне отставкадағы милиция полковнигі Нұрлыбек Үдербаевта тоқталып өтті:


«Бүгін біз тек құрмет көрсетіп қана қоймай, азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткен әріптестерімізді еске аламыз. Бұл Мурал өз отанына деген сүйіспеншілік пен және заңға адал қызмет етудің символына айналсын".


Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан полициясы қатарында үш мыңнан астам полиция қызметкері абыроймен қызмет етеді. Бұл нағыз кәсіпқойлар, олар үшін тәртіп пен заңды қорғау өмірлік қағидасына айналған, олар үшін кәсіби бедел мен жеке парасаттылық сияқты ұғымдар қатар жүреді. Біздің облыстың полиция қызметкерлері - патриотизм мен батылдықтың нағыз үлгісі.

                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі