ШҚО ПД бастығы гарнизондық жиын өткізді

ШҚО ПД бастығы гарнизондық жиын өткізді

                                                                         ШҚО ПД бастығы гарнизондық жиын өткізді

Облыстық полиция плацында тәртіп сақшылары Қазақстан полициясы күні қарсаңында гарнизондық жиын өткізді, оның барысында жеке құрамның саптық байқауы тексерілді.

Полицейлердің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша қойылған міндеттерді орындауға дайындығын қаралды. Жиынға департамент басшылығы мен полиция саптық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жеке құрамға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін лайықты атқаруды тапсырды.

"Қызмет өткеру маршруттарында түрлі арандатушылар мен құқық бұзушылар тарапынан құқыққа қарсы іс-қимылдардың жолын кесуді, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды және қоғамға жат мінез-құлықтың алғышарттарын жоюды талап етемін. Естеріңізде болсын, сіздердің басты міндеттеріңіз – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштеріне жедел ден қойып, қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау", - деп атап өтті өңірдің бас полицейі.

Саптық байқау аяқталғаннан кейін жеке құрамның салтанатты шеруі және қызметтік міндеттерін орындауға кіріскен патрульдік полицияның автоэкипаждарының жүріп өтуі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, гарнизондық жиындар тұрақты негізде өткізіліп тұрады.

                                                                                                                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі