«Заңсыз келуші» ЖПІШ: ШҚО-да полицейлер 30 заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

«Заңсыз келуші» ЖПІШ: ШҚО-да полицейлер 30 заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

                                                                «Заңсыз келуші» ЖПІШ: ШҚО-да полицейлер 30 заңсыз еңбек мигранттарын анықтады


ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында облыс аумағында заңсыз жұмыс істеген республиканың көрші елдерінен келген 30 азаматты анықтады.


Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар бірнеше ай бұрын келген, алайда уәкілетті орган беретін еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсат құжаттары болмаған.


Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін шетел азаматтары жауапқа тартылды. Өз кезегінде, оларды жұмысқа қабылдаған жұмыс берушіге де 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


ШҚО ПД Қөші-қон қызметі Қазақстан Республикасында уақытша келген шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеді.

                                                                                                                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі