6 шілдеден 7-не қараған түні автомобиль көпірінде жол-көлік оқиғасы болған.
1987 жылғы жүргізуші «BMW» маркалы автомобильмен қаланың сол бөлігіне бара жатып, тізгінге ие бола алмай қалған. Кейін көлігі көпірдің қоршауына соғылып, Ертіс өзеніне аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көлік жүргізушісі қаза тапты, аталған көліктің 1990 ж.т. жолаушысы оқиғаның куәгерлері құтқарып, медициналық мекемеге жеткізілді. Автокөлік өзеннен шығарылды.
ШҚО Полиция департаменті полиция қызметкерлері көлік құралының ізіне түскен деген уәждемені жоққа шығарады. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат келіп түскеннен кейін оқиға орына жақын маңдағы жол қиылысында қызмет өткеріп тұрған патрульдік полиция экипажы, сондай-ақ Семей қ. ПБ жедел-тергеу тобы жіберілген.
Адам өлімі орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.