
Өскеменде полицейлер санаулы уақытта борышкердің орналасқан жерін анықтады
Өскемен қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне бір жылдан астам уақыт қарызын кайтармай жүрген ер адамды іздестіру туралы өтініш келіп түскен.
Ер азамат танысынан шағын бизнесті дамыту үшін 6,5 миллион теңгеден астам қарыз алғаны белгілі болды. Бірақ ол ақшаны белгіленген мерзімде қайтармай, ұзақ уақыт бойы қарызды өтеуден жалтарып кеткен.
Сол күні тәртіп сақшылары бірнеше сағат ішінде борышкердің қайда екенін анықтап, оның қарызын өндіріп алумен айналысатын сот орындаушысына тапсырды.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 80-нен астам борышкерді анықтағанын айта кеткен жөн.
Облыстық ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңмен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі