
Ел игілігіне арналған өнер
Өскеменде Аманат партиясының Зерек орталығында «Жастар Рухы» және ШҚО ПД-мен бірлесіп «Есірткіге жоқ деп айт» тақырыбында шығармашылық суреттер байқауы өтті.
Бұл іс-шара әр түрлі жастағы балаларды біріктіріп, оларға өнер арқылы қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің біріне деген көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді.
Байқаудың тақырыбы жас суретшілерді өздерінің жеке көзқарастарын көрсететін жарқын және эмоционалды суреттер жасауға шабыттандырды. Балалар бұл өмір салты және оның біздің заманымызда қандай салдары бар екендігі туралы өз пікірлерін белсенді түрде білдірді. Байқауға қатысушылар – 6-10 сынып оқушылары қазылар алқасына өз жұмыстарын ұсынды, оның құрамында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ринат Икласов пен ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Сағатбек Малтүгелов болды.
Марапаттау рәсімі іс-шараның шарықтау шегі болды. «Үздік сурет», «Үздік үгіт-насихат» және «Үздік идея» сияқты бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды, ал қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар - іс-шараның тақырыбы жазылған футболкалар мен кепкалар табыс етілді.
Полицейлер балаларға белсенді қатысқаны және азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ психотроптық заттармен байланысты заңсыз әрекеттердің салдарын еске салды.
Осылайша, балалардың есірткіге қарсы сурет салу байқауы тек мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар маңызды білім беру іс-шарасы болды. Ол балалардың салауатты болашақ үшін күрестің белсенді қатысушылары бола алатынын, олардың туындылары әлемді шабыттандырып, жақсы жаққа өзгерте алатынын көрсетті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі