
Жас сақшы: ШҚО-да жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды
Шығыс Қазақстан облысында Зайсан қаласында Ю.Гагарин атындағы мектепте ерекше сыныптың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бүгін бесінші сынып оқушылары кадеттер қатарына қабылданды, олар «Жас сақшы» деп аталатын жас полицейлер сыныбының оқушылары болды. Мұндай сыныпты құрудың мақсаты — балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарын нығайту, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесу болды.
Іс-шараға Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсалимкызы, ШҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерхат Шалқыбаев, Зайсан ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Дидар Қамзин, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.
Кадеттер үшін полицейлердің үлгісі бойынша нысанды киім әзірленіп, тігілгенін атап өткен жөн. Сынып бөлмесі арнайы стендтермен және жабдықтармен жабдықталған.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының келісімі бойынша оқу бағдарламасына құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери дайындық және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша полиция қызметкерлерін қоса алғанда, мамандардың қатысуымен өткізілетін қосымша сабақтар енгізілді.
Балалар болашақта құқықтық тәртіпті сақтауда елдің лайықты азаматтары болатынына сенімдіміз, өйткені олар қазірдің өзінде дұрыс жолда.
Бұл Зайсан ауданындағы алғашқы кадет сыныбы екенін айта кетейік.
ШҚО ПД баспасөз қызметі