ШҚО полицейлері есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды

ШҚО полицейлері есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды

                                                                             ШҚО полицейлері есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды

Заңсыз айналымнан мефедронның 6000-нан астам дозасы тәркіленді.


ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен ШҚО-ға синтетикалық есірткі тасымалдайтын ірі арнаның жолын кесті.


Тәртіп сақшылары "Өскемен-Алматы" автожолында Алматы облысының 26 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Тойота Ланд Крузер" автокөлігін тоқтатқан. Көлік құралын тінту барысында жедел уәкілдер ақ түсті ұнтақ заты бар 4 полимерлі пакетті тапты, сонымен қатар көліктің багажынан ұқсас заты бар тағы 15 орама табылып, тәркіленді.


Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат "мефедрон" болып табылады, жалпы салмағы 1 кг 850 гр, бұл бір реттік 6000-нан астам дозаны құрайды.


Жауап алу барысында ер адам есірткіні Астана мен Павлодарда таратқанын айтқан.


Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.


Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

                                                                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі