Заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы онлайн форматта өткізілетін болады

Заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы  онлайн форматта өткізілетін болады

Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады.
⠀
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
⠀
Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.
⠀
Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.
⠀
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер полиция органдарына бармай-ақ, 8/7232/77-53-61 ШҚО ПД «қауырт желі» телефонына немесе 102 номеріне хабарласса, жеткілікті.
⠀
Өтініштерді және халықта заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын қабылдауды орындарға шыға отыра, ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асыратын болады. Бұрын оларды қабылдау аумақтық полиция органдарында жүргізілген болатын.
⠀
Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция бөлімшесінің көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлау қажет.