ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады

ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады

                                                                           ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады

Күдікті қамауға алынды.


Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам оған күш көрсете отырып оған ғана емес, оның отбасына да қауіп төндіріп, одан 1 миллион теңге бопсалағанын хабарлаған.


200 000 теңге алу кезіндегі жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде шығысқазақстандық жедел уәкілдер бұрын сотталған 37 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстаған.


Қаскөй өз әрекетін мойындаған, оның заңсыз әрекеттерін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіні мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.


ШҚО Полиция департаменті аталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Кез-келген жағдайда бопсалаудың құрбаны болған адамдар құқықтық қорғау органдарына өтінішпен жүгінуі керек, ең бірінші қадам үшін 102-ші жедел арнасына қоңырау шалу жеткілікті.

                                                                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі