
ШҚО-да 11 шетелдік азамат құрылыста заңсыз жұмыс істеген
Полицейлер облыс аудандарының бірінде Қазақстан заңнамасын бұзушыларды анықтаған.
Самар ауылында көші-қон қызметінің қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке үйлерде құрылыс жұмыстарын жасаған көрші елдердің 11 азаматын анықтаған.
Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 25 АЕК айыппұл және 1-ден 3 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолданылады.
Жұмыс берушілер өз кезегінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. Олар мемлекет кірісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды жұмысқа тартуға тыйым салынғанын ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі