
ШҚО полицейлері заңсыз балық аулаған ер адамды анықтады
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аудан орталығы Күршім ауылында "Нерест" ЖПІШ өткізу барысында Бұқтырма су қоймасының тыйым салынған аймағында балық аулаған 35 жастағы ауыл тұрғынын ұстаған.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары оқиға орнынан жалпы салмағы 115 кг шортан мен екі балық аулау торын тәркіледі.
Ер адамның заңсыз әрекетімен табиғатқа келтірген шығын соммасы 800 000 теңгеден асады.
Құқық бұзушыға қатысты келуге міндеттеу түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі