
Полицияның жұмысымен танысу
16 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ренат Қанатұлының бастамасымен Шемонаиха мәдениет үйінде ашық есік күні өтті. Іс-шара жас ұрпақты ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру және мектеп пен колледж түлектерін кәсіптік бағдарлау мақсатында ұйымдастырылды.
Полицейлердің жұмысымен жақынырақ танысқысы келетіндердің барлығын патрульдік машиналар, нысанды киім-кешек және Шемонаиха АПБ шағын мұражайында жиналған және ұқыпты сақталған өткен жылдардағы техника мен экспонаттарға бай көрме қарсы алды.
Бірақ көрменің ең қызықты бөлігі криминалистің жұмысын көрсету және полицейлер қызметте қолданатын қару-жарақ пен арнайы құралдармен танысу болды.
Шемонаиха АПБ криминалисті, полиция капитаны Қалиев Аман балаларға жұмыс құралдарын көрсетіп, олардың қолданылуы туралы айтып берді, ал полиция майоры Әміренов Тұрысбек қонақтарға ІІО қызметкерлерінің арсеналында бар қару-жарақ пен арнайы құрал-жабдықтарды көрсетті.
Кейін ШҚО ПД Кадр қызметкерлері оқушылар мен студенттерге Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына және ІІО қызметіне түсу тәртібін жеткізді.
ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Қанатұлы өз сөзінде ведомстволық оқу орындарына түсу мәселелерін қозғап қана қоймай, қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселе - интернет алаяқтық, олардан қорғану тәсілдері жайлы еске сала отырып, қатысушыларға есірткі қылмысы туралы және ол үшін қандай қылмыстық жауапкершілік көзделгенін айтып, сондай-ақ, буллинг және жасөспірімдер қылмысы туралы әңгімелесті.
Іс-шара барысында ШҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұратханова Әсел баяндама жасады.
Кейіннен сөз кезегі ІІО зейнеткері, ІІМ Қарағанды Академиясының түлегі, полиция аға лейтенанты Мұратбеков Миратқа берілді.
Іс-шара шағын концертпен аяқталды, онда қонақтарға мәдениет үйінің әртістері мен Шемонаиха полиция бөлімінің қызметкері, аға лейтенант Сәрсеков Телжан патриоттық вокалдық нөмірмен өнер көрсетті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі