ШҚО полицейлері шайбалы хоккей чемпионатының жеңімпаздары атанды

ШҚО полицейлері шайбалы хоккей чемпионатының жеңімпаздары атанды

                                                                                        ШҚО полицейлері шайбалы хоккей чемпионатының жеңімпаздары атанды

                                                             

Бүгін ІІО бөлімшелері арасында бірінші шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогы турниры аяқталды.

Бірнеше күн бойы еліміздің 8 аймағынан келген тәртіп сақшылары ең мықты команда атағы үшін бәйгеге түсті.

Жанкүйерлер қақпаға салынған әрбір шайбаның қуанышымен бөлісе отырып, жарқын сәттерді, тамаша соққылармен, берік қорғаныстың куәсі болды.

12 матчтың қорытындысы бойынша финалға «ҚР ІІМ МКҚБ», «Жігіттер», «СҚО ПД Динамо» және «Титан» командалары шықты, олар көшбасшылардың құрметті үштігі үшін шешуші ойында бақ сынасты.

Бұл ойында Шығыс Қазақстан полицейлерінің «Титан» командасы намысты колдан бермей жеңіске жетті. Күміс медальды Солтүстік Қазақстаннан келген тәртіп сақшылары иеленді. Жеңімпаздар тұғырының үшінші сатысына Қарағандыдан келген «Жігіттер» командасының ойыншылары еншіледі.

ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков:  «Біз керемет ойын мен жарқын сәттерді тамашаладық. Хоккей - бұл күш, батыл және рухы биік адамдарды біріктіретін спорт түрі екенін осы турнир растады! Хоккейшілер біздің қызметімізге қажетті - бірлік рухы мен мықты шеберлік қасиеттерін көрсете білді» - деп атап өтіп, жеңімпаздарды марапаттады.

Сондай-ақ, әртүрлі номинациялар бойынша келесі қатысушылар марапатталды: «Үздік шабуылшы» - Асхат Құрмашев («СҚО ПД Динамосы»), «Үздік қорғаушы» - Марат Нажметденов («ҚР ІІМ МКҚБ»), «Үздік қақпашы» – Виталий Гизатуллин («Көкшетау»), «Үздік ойыншы» - Дәурен Кәріпбаев («Жігіттер»).

Сондай-ақ, жергілікті «Торпедо» хоккей клубы «Титан» командасының шабуылшысы Шидеринов Серікті  турнирдің үздік бомбардирі ретінде жеке марапаттады.

Тәртіп сақшылары хоккей матчтары тек полицейлер арасында ғана емес, басқа да құқық қорғау органдары арасында жақсы дәстүрге айналады деп сенеді, себебі ойын, рухты күш және жеңіске деген ұмтылыс барлық елдегі әріптестерді біріктіреді деген ойда.



                                                                                                                                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі