
ТИТАН vs СҚО ПД Динамо
ШҚО полицейлері шайбалы хоккей чемпионатының алтынын жеңіп алды.
Барлық қатысушылар біршама күштерін жұмсаған бұл ойын мұз бетіндегі нағыз шайқас тәріздес болды. Шынайы ынта мен жеңіске деген құштарлық екі команданы біріктірді. Трибуналардағы көрермендер тек ойыннан ғана емес, хоккейші полицейлердің рухынан да ләззат алды.
Есепті бірінші тайм бастала салысымен 5 секундтан кейін «Титан» командасының шабуылшысы Георгий Обухов ашты. Қарсыластарын сенімді түрде таңқалдырып, ол жалпы ойын барысында қарсы қақпаға 9 шайба лақтырды.
Сондай-ақ, матч барысында Динамо командасының қақпасына 4 дәл соққы лақтырумен 19 нөмірлі бірінші буын ойыншысы Серік Шидеринов, есебінде 3 шайба бар екінші буын шабуылшысы Евгений Лукьянов бой көрсетті.
Матч 16:2 есебімен Шығыс Қазақстан полицейлері командасының пайдасына аяқталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі