
"18: 0": ТИТАН VS ҚР ІІМ МКҚБ
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Титан командасы ішкі істер органдарының бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогына шайбалы хоккейден турнирдің финалына өтті.
Мұз иелерінің қарсыластары болып ҚР ІІМ МКҚБ командасы өнер көрсетті.
Бірінші кезеңдегі есепті Титан командасының 19 нөмірлі ойыншысы Серік Шидеринов ашты. Айта кету керек, ол жалпы ойын кезеңінде қарсылас қақпаға 8 шайба лақтырды.
Өз сүйікті ойыншыларына барынша қолдау көрсеткен жанкүйерлер, қуатты күшпен салынған әр шайбаны ыстық ықылас пен қошеметке бөледі. Атмосфераның шиеленіскені соншалық, көрермендер әрбір сәтті қапы қалдырмай, ойынды барынша беріліп тамашалады.
Матч 18:0 есебімен шығысқазақстандықтардың пайдасына аяқталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі