
Өскеменде жаңа УПП ашылды
Учаскелік полиция пункті ШҚО облыс орталығының белсенді дамып жатқан төрт шағын ауданға ыңғайлы жерде орналасқан. Онда азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалған: жаңа бөлмелер, қажетті құрал-жабдықтар, ақпараттық стендтер, тіпті балалар бөлмесі де бар. Мұның барлығы жергілікті атқарушы органдардың белсенді қолдауының арқасында жасалды.
Жаңадан ашылған бекетке бірінші болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков аяқ басты.
«Құқық бұзушылықтың алдын алуда учаскелік полиция инспекторларының рөлі зор. Қазір олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасап жатырмыз. Сондықтан заман талабына сай, қоғамның мұң-мұқтажын естіп, дер кезінде жауап беру – әрбір адамның басты міндеті», – деді полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков.
Бұл аумақта тұратын 43 мыңнан астам өскемендіктерге 7 учаскелік инспектор қызмет көрсететінін атап өткен жөн.
ШҚО ПД баспасөз қызметі