
ШҚО-да полицейлер арасында шайбалы хоккейден алғашқы турнирдің ашылуы өтті
Ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы шайбалы хоккейден чемпионат алғаш рет өткізіліп отыр. Қонақтарды Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары қабылдады.
Ашылу салтанатында шайбаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Сайтбеков Айдар лақтырды.
Біздің облысты қазақстандық хоккейдің отаны деп атауға болады. Өскемен қаласы мектебінің тәрбиеленушілері республиканың және басқа да мемлекеттердің көптеген командаларында ойнайды. Сондықтан турнир өткізілетін орын бірден белгілі болды. Ойынға 3 ай бойы дайындық жүргізіліп, іріктеу турының нәтижесінде 8 команда бақ сынасатын болды:
«Барыс Астана» (Астана қ. ПД), «Ертіс Павлодар» (Павлодар облысы ПД), «Көкшетау» (Ақмола облысы ПД), «Титан» (ШҚО ПД), «Жігіттер» (Қарағанды облысы ПД), «Қыран Қонаев» (Алматы облысы ПД), «Динамо» (Солтүстік Қазақстан облысы ПД), ҚР ІІМ МКҚБ (КҚБД).
Турнирді ұйымдастыруға жергілікті тәртіп сақшылары шығармашылықпен дайындалды. Қонақтарды қарсы алуда хордың сүйемелдеуі болса, фотозона және жанкүйерлердің эмоцияларын лезде суретке түсіретін фотобудка ұйымдастырылған. Жас жанкүйерлер де назардан тыс қалмай аниматорлар мен аквагрим шеберлерімен көңілдерін көтерді.
Тартысты ойындар 27 және 28 наурызда өтеді, жабылуы ертең сағат 12.00-де Б.Александров спорт сарайында өтеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі