
Шайба!
Бүгін Б.Александров атындағы спорт сарайының мұз аренасында тең дәрежедегі Барыс Астана мен Қыран-Қонаев командалары кездесті.
Есепті алғашқы болып елордалық хоккейшілер ашты. Бірінші шайбаны 27 нөмірлі ойыншы Ерлан Әубәкіров қақпаға лақтырды.
Қарқынды күрес болғанына қарамастан, қарсыластар бір-біріне құрмет көрсетіп, спорттық мінез-құлықтың үлгісін таныта білді, әрі ойын ережелерін сақтады. Бұл ойын көрермендерді сөзсіз таң қалдырды және хоккейдің өзіндік ерекшелігін растады.
Матч 12:2 есебімен Барыс Астана ПД командасының жеңісімен аяқталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі