
ШҚО-да Африка елдерінің 4 азаматы заңсыз жұмыс істеген
Полицейлер тәртіп бұзушыларды "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.
ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс орталығындағы кезекті мекенжайды тексеру кезінде Қазақстанға турист ретінде келіп, алайда Өскемен қонақ үйлерінің бірінде техникалық персонал болып жұмыс істеп жүрген төрт шетел азаматын анықтаған.
Халықтың көші-қон саласындағы қазақстандық заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктер елдің әкімшілік кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, заңсыз мигранттарға жұмыс берушіге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі