
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Семейде реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде бір әйел мерт болды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, бірақ ол ұсталды, деп хабарлайды Today.kz.
Жол апаты түнгі сағат 01:20-да Әуезов даңғылы мен Селевин көшесінің қиылысында болды.
Апат салдарынан жаяу жүргінші 50 жастағы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы бір жаяу жүргіншіні дәрігерлер тексеріп, оған амбулаториялық ем тағайындалды.
"Оқиға орнынан жасырынған жүргізуші анықталды. Ол Нұр-Сұлтанның 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО полиция басқармасы бастығының орынбасары Елдос Закимов.
Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Осы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.